Биыл күзде Қазақстан күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдайды
Қазақстан күрес федерациясының Бас хатшысы Нұраддин Садықовтың айтуынша, әлем чемпионатын өткізу туралы шешім халықаралық күрес қауымдастығы үшін күрделі кезеңде қабылданған. Бахрейнде өтуі тиіс болған жаһандық доданы қабылдау құқығы өңірдегі геосаяси жағдайға байланысты өзге мемлекетке берілді.
«Дәл осы кезде Қазақстан күрес федерациясы төрағасы Еркін Оқасовтың бастамасымен әлем чемпионатын өткізу жауапкершілігін өз мойнына алуға дайын екенін мәлімдеді. Мұндай шешім батылдықты, ұйымдастырушылық әлеуетті және еліміздің мүмкіндігіне деген сенімді талап етеді», – деді Нұраддин Садықов.
Оның сөзінше, Федерацияның басты мақсаты тек ұлттық құрамалардың нәтижесін жақсарту ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның халықаралық спорттағы ықпалын арттырып, Біріккен күрес әлемімен қарым-қатынасты нығайту болып отыр.
Алдағы уақытта Астана әлемдік спорттың ірі орталықтарының біріне айналмақ. Келер жылы елордада үш олимпиадалық жекпе-жек түрінен әлем чемпионаттары өтеді. Биыл күрестен әлем чемпионатын қабылдау арқылы Қазақстан қысқа ғана уақытта олимпиадалық төрт жекпе-жек спорт түрінен әлем чемпионатын өткізетін мемлекет ретінде ерекше жетістік тіркейді.
Нұраддин Садықовтың пікірінше, мұндай ірі жобаларды жүзеге асыру Федерацияның жаңа даму бағыты мен тиімді басқару жүйесінің нәтижесі. Еркін Оқасовтың жетекшілігімен Қазақстан күрес федерациясы халықаралық серіктестікті нығайтып қана қоймай, еліміздің әлемдік спорт қауымдастығында беделін арттыруға бағытталған ауқымды жұмыстар жүргізіп келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05