Тәжікстандағы Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар анықталды
Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) 1-3 мамыр аралығында Душанбеде (Тәжікстан) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.
Бұл беделді жарыста Қазақстан намысын 12 ер балуан қорғайды. Әйелдер құрамасынан бұл турнирге өкілдік жоқ.
Қазақстан құрамасы:
- 60 кг: Нұраділ Әлжан, Тоқтар Үміталиев
- 66 кг: Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ердәулет Бозша
- 73 кг: Дастан Шаяхметов, Мәди Жеткерген
- 81 кг: Асқар Нарқұлов, Азат Күмісбай
- 90 кг: Даниил Крылов, Нұржан Бейсенов
- 100 кг: Бейбіт Мадеев, Мухаммедали Мавлидов
Алдын ала тізімге өзгеріс енгізілуі мүмкін. Қазақстан дзюдо федерациясы соңғы құраманы жақын арада нақтылайтын болады.
Турнирде 30-дан астам елден 260-тан астам дзюдошы күреседі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05