Басты Жаңалықтар Жағажайдағы Азия ойындары 2026 жылы Қытайда өтеді

Жағажайдағы Азия ойындары 2026 жылы Қытайда өтеді

Жағажайдағы Азия ойындары 2026 жылы Қытайда өтеді

Азия жағажай ойындары 2026 жылдың 22-30 сәуір аралығында Қытайдың Санья қаласында (Хайнань аралы) өтеді.

Бұл жарыстар COVID-19 пандемиясына байланысты бірнеше рет кейінге қалдырылып, алтыншы рет ұйымдастырылады. Қазақстан барлық өткен бес жағажай ойындарына қатысып келеді және 2026 жылғы додаға дайындық жүргізуде.

Жарыс бағдарламасына 15 спорт түрі енгізілген: жағажай волейболы, жағажай футболы, жағажай күресі, су поло, ашық суда жүзу, 3x3 баскетбол, текбол, джиу-джитсу және басқа да спорт түрлері. Ашылу және жабылу салтанаттары «Sanya Yasha Park» аумағында өтеді. Ашылу рәсімі «теңіз бен аспанның тоғысуы» тақырыбында ұйымдастырылады. Ұйымдастырушылар заманауи визуалды эффектілер мен азиялық мәдени элементтерді біріктіріп, көрермендерге ерекше әсер қалдыратын формат дайындап жатыр.

Ойындардың талисманы - Яя атты бұғының лағы. Оның атындағы «Сан» Санья қаласын, «Я» сөзі қытай тілінде «Азия» деген мағынаны білдіреді. Бұл талисман Санья, Азия және бүкіл әлем арасындағы байланыс пен үйлесімділіктің символы ретінде жасалған.

Қазақстанның ең үздік көрсеткіші 2014 жылы тіркелген - 27 медаль (8 алтын, 9 күміс, 10 қола), жалпы командалық есепте 6-орын. Бұдан бөлек, медальдар жиынтығы 2008-2016 жылдар аралығында толықты. Оның ішінде 2016 жылғы ойындар 12 жүлдемен рекордтық көрсеткішке ие болса, қалған жылдары (2008, 2010, 2012) қоржынға тағы 9 медаль түскен.

Барлық бес ойынның қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жалпы 48 медаль жеңіп алды.





Бөлісу