Қазақстан құрамасы стенд атудан Азия чемпионатында бес медаль жеңіп алды
Отандастарымыз турнир аясында 5 медальға ие болды. Оның ішінде: 2 алтын, 1 күміс, 2 қола медаль бар.
Әйелдер арасындағы «скит» сайысында Адель Садақбаева үздік атанды. Сонымен қатар дәл осы сайыс түрінен Ольга Хайлова үшінші орын алды.
Одан бөлек, «скит» дисциплинасында әйелдер құрамасы командалық сайыста алтыннан алқа тақты. Құрама сапында Адель Садақбаева, Ольга Хайлова, Әсем Орынбай ел намысын қорғады.
Ерлер арасындағы бәсекеде Эдуард Ещенко күміс медальға қол жеткізді. Ол «скит» сайысында топ жарды.
Сонымен қатар дәл осы сайыс түрінен ерлер құрамасы командалық бәсекеде қола жүлдегер атанды. Құрама сапында Ратмир Еникеев, Эдуард Ещенко, Илья Пеньков өнер көрсетті.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан құрамасы отырып ойнау волейболынан V Пара Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 14:00
Кирилл Ильюкевич пен Глеб Брусенский V Азия Пара ойындарының күміс жүлдегері атанды
23.10.2026, 09:05
Пара велоспорт: Қазақстан құрамасы алтын және күміс медаль жеңіп алды
23.10.2026, 09:00
Наиль Ермуханбет пен Руслан Алиев V Пара Азия ойындарының чемпионы атанды
23.10.2026, 09:00
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директоры Мигель Анхель Хиль Маринді қабылдады
22.10.2026, 18:30
Қазақстан құрамасы пара жүзуден күміс жүлдегер атанды
22.10.2026, 17:00
Марат Суртубаев пен Алтынай Ержанқызы V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 14:20
Иван Зелезняк V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері
22.10.2026, 10:05