Шайбалы хоккейден Қазақстан Ұлттық құрамасын қыркүйектен бастап Андрей Назаров жаттықтырады
Ресейлік маман Андрей Назаров Қазақстан хоккей федерациясы атқарушы комитетінің отырысында Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалады, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазақстан құрамасы мен «Барыс» клубының базалық орны бір жерде болғандықтан бас бапкер лауазымын қатар атқару - қалыптасқан тәжірибе. Ресми тағайындау қыркүйек айының басында атқарушы комитетінің отырысында өтеді», - дейді Қазақстан Хоккей федерациясының жауапты хатшысы Глеб Каратаев.
Естеріңізге сала кетейік, Андрей Назаров «Барыс» клубына биыл маусым айында бас бапкерлікке тағайындалған болатын. Одан бұрын ол Ресейдің «Трактор», «Витязь» және «Северсталь» командаларына жетекшілік етті. Оның соңғы жаттықтырған клуб украиналық «Донбас» болды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Манчестер Юнайтед» - «Сабах»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:30
«ПСВ» - «Шахтар»: Тікелей эфир!
10.09.2026, 16:20
Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды
10.09.2026, 08:00
Михаил Шайдоров жаңа маусымдағы алғашқы турнирін Братиславада өткізеді
09.09.2026, 18:40
«Ливерпуль» - «Атлетико»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:30
«Барселона» - «Фейеноорд»: Тікелей эфир!
09.09.2026, 16:00
Қазақстандық жасөспірімдер триатлоннан әлемдік серияның финалына қатысады
09.09.2026, 13:15
Дэвис кубогі: Қазақстанның Таиландқа қарсы ойнайтын құрамы белгілі болды
09.09.2026, 11:00