Басты Жаңалықтар Алғашқы Қысқы Универсиада қайда және қалай өтті?

Алғашқы Қысқы Универсиада қайда және қалай өтті?

Алғашқы Қысқы Универсиада қайда және қалай өтті?

1959 жылы Италияның Турин қаласында өткен спорт додасынан бастау алатын Универсиадалар қысқы спорт түрлерінен де өткізілген. Олардың алғашқысы 1960 жылы Франциядағы Шамони қаласында өтті. 

Бұл жарысқа 16 елден келген 145 спортшы қатысты. Олар 5 қысқы спорт түрінен сайысқа түскен болатын.

Бағдарламаға шаңғылы екі сайыс, шаңғымен трамплиннен секіру, мәнерлеп сырғанау, шаңғылы эстафета, тау шаңғы спорты енген болатын.

Шамониде өткен алғашқы Қысқы Универсиада қорытындысы бойынша  жалпы командалық есепте жергілікті Франция құрамасы жеңіске жетті. Олар 7 медальға ие болды: 4 алтын, 2 күміс, 1 қола. Екінші орынды 3 алтын, 1 күміс пен 1 қола жаулап алған КСРО құрамасы иеленді. Үшінші орын Чехословакияға (2 алтын, 5 күміс) бұйырды.

Естеріңізге сала кетейік, XXVIII Дүниежүзілік Қысқы Универсиада Қазақ елінде өтеді. Алматыда ашылатын студенттік Қысқа ойындардың басталуына 38 күн қалды.

Бөлісу