Алексей Луценко 6 дүркін Азиада чемпионы атанды
Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Алексей Луценко Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының топтық жарысында алтын медаль жеңіп алды.
Отандасымыз 160 шақырымдық бәсекеде мәреге бірінші болып жетіп, 4 сағат 13 минут 11 секунд нәтиже көрсетті. Қазақстандық спортшы үшін бұл Аичи-Нагоядағы екінші алтын медаль. Бұған дейін ол жекелей уақытқа жарыста топ жарған еді.
Осы жеңістен кейін Алексей Луценконың Азия ойындарындағы алтын медаль саны алтыға жетті. Ол бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан спортшылары арасындағы рекордты жаңартты. Бұған дейін рекорд бес алтынмен каноэде ескек есуден Константин Негодяевқа тиесілі болған.
Луценко бұған дейін 2014, 2018 және 2022 жылдары жекелей уақытқа жарыста чемпион атанса, 2018 жылы Джакартада өткен Азия ойындарында топтық жарыста да алтын иеленген. Сондай-ақ оның 2022 жылғы Азиададағы топтық жарыстан күміс медалі бар.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы