Басты Жаңалықтар Василий Левит Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Василий Левит Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды

Василий Левит Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды
Рио Олимпиадасында 91 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Василий Левит Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері атанды. Қазақстандық боксшы ақтық сында ресейлік Евгений Тищенкомен кездесіп, 3:0 есебімен жеңілді. Алғашқы раундта Василий Левит ширақ қимылдап, 28:29 есебімен өз пайдасына шешті. Алайда, екінші раундта отандасымыз 30:27 есебімен ұтылды. Соңғы үшминуттықта біздің боксшымыз басымдық танытып, қарсыласынан белсендірек болғанымен, төрешілер қарсыластар тең дәрежеде өнер көрсетті деп бағалады (29:29). 
Бөлісу