Басты Жаңалықтар Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы Ислам Сәтпаев Жапонияның Аичи–Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында нысана көздеуден қола медаль иеленді.

50 метр қашықтықтағы бәсекеде сынға түскен отандасымыз жүлделі үшінші орынға тұрақтады.

Ислам Сәтпаев ерлер арасындағы винтовкамен 50 метрден үш позицияда оқ ату бағдарламасының финалында 348.3 ұпай жинады. Алтын және күміс медальдарды Қытай спортшылары өзара бөлісті.

Осылайша, Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ислам Сәтпаев Аичи-Нагоядағы Азия ойындарының жүлдегерлері қатарынан көрінді.

Бөлісу