Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасының финалында
Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Рио олимпиадасының финалына шықты.
69 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша жартылай финалдық кездесуде қазақстандық француз былғары қолғап шебері Сулейман Сиссокамен қолғап түйістіріп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Алғашқы раундты Елеусінов сенімді жеңіспен аяқтады. Ал екінші раундтың басында отандасымыз кезекті шабуыл кезінде қарсыласына баспен соқтығысып, жарақат алды. Нәтижесінде дәрігер жерлесімізге жекпе-жекті жалғастыруға рұқсат бермей, кездесу тоқтатылды. Өз кезегінде төрешілер жеңісті Елеусіновке берді.
Енді Данияр Елеусінов Рио олимпиадасының финалында өзбек боксшысы Шахрам Гиясовпен Олимпиада ойындарының алтын медалін сарапқа салады. Жекпе-жек 18 тамыз күні Астана уақытымен сағат 01:30-да өтеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45