Қайрат Ерәлиев Олимпиада ойындарында жарыс жолынан шыққан төртінші боксшы болды
Бокстан 56 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Олимпиаданың 1/8 финалында жеңілді.
Ширек финал жекпе-жегінде отандасымыздың қарсыласы соңғы Әлем чемпионатының финалисі өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев болды.
Кездесудің алғашқы раунды қарсыластар бір-біріне бірнеше қауіпті шабуылдар жасап, жойқын соққылармен алмасты. Бірақ, төрешілер өзбек боксшысын басым деп таныды. Жекпе-жектің екінші раундында да қарсыластар белсенді әрекет етті. Алайда, бұл жолы да жеңіс бірауыздан өзбек былғары қолғап шеберіне берілді. Үшінші раундта Ералиев тізгінді өз қолына алып, соңғы үшминуттықты ұтты, бірақ кездесу жеңімпазы Муроджон Ахмадалиев деп танылды.
Осылайша, Ерәлиев Қазақстан құрамасындағы Олимпиада ойындарында жарыс жолынан шыққан төртінші боксшы болды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45