Қазақстан құрамасының спорттық формасы Риодағы ең әдемі киім деп танылды (ФОТО)
Ресейлік «Боец» телеарнасының журналисі қазақстандықтардың спорттық киімін Риодағы ең әдемі киім, ал, жанкүйерлерін ең белсенді деп атады.
«Ең белсенді жанкүйерлер – қазақтар. Үстілеріне киген спорттық формалары да ең тартымды. Риодан осынша қызуқанды жанкүйерлер мен әдемі спорттық киімді кездестірмедім. Меніңше, спортшыларды қолдау жағынан да Қазақстан делегациясы ең ұйымшыл»,-деді ресейлік журналист.
Айта кету керек, қазір Қазақстан құрамасы XXXI Жазғы Олимпиада ойындарының медальдық кестесінде жеті медальмен: екі алтын, екі күміс және үш қола медальмен 16-шы орында тұр.
Олимпиада чемпиондары жүзгіш Дмитрий Баландин мен ауыратлет Нижат Рахимов (77 келіге дейін) болса, күміс жүлде иегерлері дзюдошы Елдос Сметов (60 келіге дейін) пен зілтемірші Жазира Жаппарқұл (69 келіге дейін).
Ал, қола жүлдені дзюдошы Галбадрах Отгонцэцэг (48 келіге дейін), ауыратлеттер Фархад Харки (63 келіге дейін) және Карина Горичева (63 келіге дейін) иеленді.
ҚазАқпарат
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45