Америкалық жүзгіш Лохтені Рио-де-Жанейрода тонап кетті
Рио Олимпиадасында 4х200 метр кешенді жүзу эстафетасында алтын медаль иеленген америкалық жүзгіш Райан Лохтені Рио-де-Жанейро қаласында тонап кетті, - деп хабарлайды The Washington Post спортшының анасына сілтеме жасай отырып.
Бразилиялық жүзгіш Тьяго Перейра өкілінің айтуынша, Лохте таксиде отырғанда, оны тоқтатып, тонап кеткен.
Бұның алдында Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитетінің өкілі Лохтемен байланысты оқиға орын алғанын, алайда спортшы оқиғаның егжей-тегжейін айтпағанын мәлімдеген еді.
Айта кетсек, бұған дейін Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ресейлік жүзгіш Евгений Коротышкинті тонап кеткен еді. Сонымен қатар, белгісіз біреулер бельгиялық дзюдошы Дирк ван Тихлтті ұрып-соққан еді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45