Рио-2016. 13 тамыз күніне қысқаша қорытынды
13 тамыз күніне қысқаша қорытынды. Үш қарғып секіру: Ольга Рыпакова финалға шықты. Ирина және Екатерина Эктовалар ақтық кезеңге өте алмады. Батутта секіру: Пирмаммад Алиев Олимпиада ойындарының финалына өте алмады. Бокс: бүгін 4 боксшымыз да жеңіске жетті - Олжас Сәттібаев 1/8 финалына өтті, Василий Левит Олимпиада ойындарының алтын медаліне таласады, Данияр Елеусінов жартылай финалға шықты, ал, Иван Дычко енді ширек финалда өнер көрсетеді. 400 метрге жүгіру: Елена Михина мен Анастасия Кудинова жартылай финалға өте алмады.
Бүгін Ольга Рыпаковадан жеңіс күтеміз (үш қарғып секіру). Астана уақыты бойынша сағат 05.45-те «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде жеңіл атлетшінің өнерін көрсетеді. Сонымен қатар, Алмат Кебіспаев пен Досжан Картиковтан да үмітіміз мол (грек-рим күресі). Қазақ палуандарын 14 тамыз, сағат 18:55-те «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45