Василий Левит Рио Олимпиадасының финалына шықты
Қазақстандық боксшы Василий Левит Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының финалына шықты.
Жартылай финалда отандасымыз кубалық Эрисланди Савонмен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте төрешілер бір ауыздан жеңісті Левитке берді. Есеп 3:0 (29-29, 30-27, 29-28).
Кездесудің алғашқы раунды кубалық боксшының пайдасына шешілді. Алайда екінші раундта Левит басымдық танытып, жеңіске жетті. Соңғы әрі шешуші раундта да Қостанай облысының тумасы белсенділік танытып, нәтижесінде жеңісті жұлып әкетті.
Финалда Левиттің қарсыласы ресейлік Евгений Тищенко болады. Жекпе-жек 16 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 04:15-те басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45