Әділбек Ниязымбетов Риодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақ боксшысы Әділбек Ниязымбетов Риодағы Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады.
Жерлесіміз алғашқы кездесуінде беларусь былғары қолғап шебері Михаил Долголевецке қарсы шаршы алаңға шықты.
Ниязымбетов алғашқы минуттардан өзіне сенімді өнер көрсетті. Кездесудің бірінші раундында беларусь боксшысына бірнеше рет шабуыл жасап, жойқын соққылар бағыттады. Екінші раундта да Михаил Долголевец жерлесімізге қарсы қауқар таныта алмады. Сөйтіп, шаршы алаңда шеберлігі мен тәжірибесінің арқасында 3:0 есебімен жеңіске жетті.
Енді Әділбек Ниязымбетов әзірбайжандық Теймур Маммадовпен жұдырықтасады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45