Қазақстандық боксшы Қайрат Ералиев Олимпиаданың ширекфиналына қадам басты
Бокстан 56 келіге дейінгі салмақта Қайрат Ералиев азербайжандық боксшы Чалабиев Жавидке қарсы шаршы алаңға шықты.
Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы жекпе-жекті жақсы қарқынмен бастап, алғашқы раундты өз пайдасына шешті. Екінші раундтың басында қазақстандық боксшы қорғаныста болды, бірақ кейін басымдықты өз қолына алып, азербайжан спортшысын үдете түсті. Сөйтіп екі раундты да ұтты. Жекпе-жектің үшінші раундын қазақстандық ұтылғанымен, төрешілердің шешімімен ширекфиналға Қайрат Ералиев өтті.
Енді 25 жастағы қазақстандық боксшы Өзбекстандық Муроджан Ахмадалиевпен қолғап түйістіреді. Бұл жекпе-жек 15 тамыз күні Астана уақытымен сағат 03:15-те басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45