Дмитрий Баландин жүзуден Олимпиада чемпионы атанды
Қазақстандық жүзгіш Дмитрий Баландин жүзуден Олимпиада чемпионы атанды.
Бүгін Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында ерлер арасында 200 метрге брасс әдісімен жүзу сайысының ақтық сыны өтті.
Қазақстандық Дмитрий Баландин 2:07:46 секунд көрсеткішімен Қазақстан қоржынына екінші алтын медальді салды.
Айта кетсек, бұл - Қазақстан қоржынына түскен жетінші медаль. Бұған дейін Елдос Сметов пен Жазира Жаппарқұл күміс медаль, ал, Галбадрах Отгонцэцэг, Фархад Харки және Карина Горичева қола медаль иеленген еді. Сонымен қатар, бүгін, зілтемірші Нижат Рахимов Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медалін салды. Жалпыкомандалық есеп бойынша енді Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс, 3 қола жүлдемен 11-орынға жайғасты.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45