Біржан Жақыпов жартылай финалға өте алмады
Қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарын аяқтады. Жарыстың ширек финалында ол өзбекстандық Хасанбой Дусматовтан 3:0 есебімен жеңілді.
Бірінші раундта қарсыластар бір-біріне қауіпті шабуылдар жасағанымен, жекпе-жектің алғашқы 3 минуты азғантай басымдықпен өзбек спортшысының пайдасына шешілді. Екінші раунд та Дусматовтың еншісіне жазылды. Кездесудің соңғы раундында Жақыпов белсенділік танытып, жеңісті жұлып әкетуге тырысқанымен, бұл жолы да қарсылас басым түсті.
Риодағы Жазғы ойындар - 32 жастағы Жақыповтың спорттық мансабындағы үшінші Олимпиадасы. Үш Олимпиада да ол ширек финалдан ары аса алмаған.
Айта кетсек, бүгін шаршы алаңға тағы бір қазақстандық боксшы Василий Левит (91 келі) шығады. ¼ финалы аясындағы кездесу Астана уақытымен сағат 4:30-да басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45