Рио Олимпиадасына болжам жасап, «Kazsport»-тың сыйлығын ұтып ал!
«Қазақстан» және «Kazsport» телеарналары Рио-де-Жанейрода өтетін XXXI Жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында спорт жанкүйерлері арасында байқау ұйымдастырды. Байқау шарты бойынша, Олимпиада қорытындысына дұрыс болжам жасаған интернет қолданушысына арнайы сыйлық табысталмақ.
Жазғы ойындарда Қазақстан құрамасының қанша медаль алатынын, оның ішінде алтын, күміс, қола медальдардың санын дәл болжап берген адам естелік бағалы сыйлыққа ие болады.
Ал, нақты қай спортшының жеңіспен оралатынын дәл болжап, жіберсеңіз, Олимпиада өтетін Рио-де-Жанейро қаласынан арнайы әкелінген кәдесыйға ие боласыз. Сонымен қатар, «Kazsport» телеарнасы жаңалықтар шығарылымының басты кейіпкері атанасыз.
Аталмыш жоба әлі жалғасуда. Бүгінгі таңда еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген азаматтар өздерінің болжамдарын жолдауда. Болжамдарыңызды rio@kaztrk.kz электронды мекенжайына жолдай аласыздар.
Жеңімпазға жүлдені «Kazsport» телеаранасының бас редакторы Индира Бектенова табыстайды.
Естеріңізге саламыз, биылғы Жазғы Олимпиада ойындарында ел намысын 26 спорт түрі бойынша 104 спортшы қорғауда. Олардың 4-уі Олимпиада жүлдегері атанып та үлгерді. Жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 21-не дейін жалғасады. Сондықтан болжамдарыңызды жолдауға асығыңыздар.
Қазақстандық жанкүйерлер жарыстарды «Қазақстан» және «Kazsport» арналарынан тамашалай алады. Сондай-ақ, kaztrk.kz және kazsporttv.kz сайттарында Олимпиада барысынан мәліметтер таратуға арналған арнайы айдар ашылды. Барлық материалдарды әлеуметтік желілерден #riokazrtk хэштегі арқылы таба аласыздар.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45