Қазақстандық зілтемірші Карина Горичева қола медаль иеленді (ВИДЕО)
63 келіге дейінгі салмақтағы қазақстандық зілтемірші Карина Горичева Рио Олимпиадасында 3-орын иеленді.
Қазақстандық спортшы серпе көтеру сайысын сәтсіз бастағанымен, соңғы екі мүмкіндігінде 107 және 111 келі салмаққа тапсырыс беріп, екі мүмкіндігін де мүлт жібермеді. Осылайша, алғашқы сайыс қорытындысы бойынша 4-орынға тұрақтады.
Ал, жұлқа көтеруде 23 жастағы бұрымды бірінші мүмкіндігінде 132 келі салмақты көтерді. Алайда, соңғы екі мүмкіндікте 137 келіні еңсере алмады. Нәтижесінде қоссайыс қорытындысы бойынша (111+132) 243 келімен Олимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды.
Өз кезегінде аталған салмақ санатында 262 келі салмақты көтерген қытайлық Денг Вей Әлем және Олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль иеленсе, солтүстіккореялық Чо Нио Сим күміс жүлдеге қол жеткізді.
Айта кетсек, бұл - Қазақстан қоржынына түскен төртінші медаль. Бұған дейін Елдос Сметов күміс медаль, ал, Галбадрах Отгонцэцэг пен зілтемірші Фархад Харки қола медаль иеленген еді. Жалпыкомандалық есеп бойынша енді Қазақстан командасы 1 күміс, 3 қола жүлдемен 28-орында.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45