Алматы облысында Азия ойындарының чемпионына пәтер кілті тапсырылды
Бүгін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов XVII Азия ойындарының чемпиондары - Маргарита Елисеева, Жәнібек Әлімханұлы, Нұрмахан Тінәлиев, Зульфия Чиншанло, Анастасия Родина, Ирина Александрова, Оксана Шадрина, Сымбат Жаманқұлова, Людмила Сапроновамен және аталған спортшылардың бапкерлерімен кездесті.
Қазақстан құрамасының мүшелері - Алматы облысының өкілдері Азиадада үш «алтын», бір «күміс» және үш «қола» иеленді. Олардың әрқайсысы облыс әкімінен 1 миллион теңгеден ақшалай сыйлық алды.
Осы жарыста алтын медаль еншілеген ауыр атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Маргарита Елисееваға бір бөлмелі пәтер кілті табыс етілді. Ал олардың бапкерлері әкімнен 250 мың теңгеден 500 мың теңгеге дейін сыйақы алды.
Өңір басшысы Амандық Баталов спортшыларды Азиададағы жеңісімен құттықтады: «Біздің спортшыларымыздың жетістігі - ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы саясатының нәтижесі. Ұлт көшбасшысы спортты насихаттауда өзі үлгі көрсетеді, елдегі дене шынықтыру мен спортқа баса назар аударады».
Жеңімпаздарды құттықтаған өңір басшысы спортшыларды жеткен биік жетістіктері үшін, ал, бапкерлерге ел мен облыс намысын жоғары дәрежеде қорғаған лайықты спортшыларды тәрбиелегені үшін алғыс білдірді.
Азиада ойындарының қалған қатысушылары да назардан тыс қалмады, олардың барлығына бағалы сыйлықтар мен ақшалай сыйақылар табыс етілді.
inform.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дина Исламбекова бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 13:00
Надежда Рябец бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 12:40
Бақыт Сейдіш бокстан Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды
09.04.2026, 12:08
Ислам Евлоев грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
08.04.2026, 19:19
Ибрагим Магомадов Азия чемпионатының қола жүлдегері
08.04.2026, 18:50
Алматбек Аманбек грек-рим күресінен Азия Чемпионы
08.04.2026, 18:30
Сағындық Тоғамбай Азия Чемпионатының қола жүлдегері атанды
07.04.2026, 16:00
Қазақстан Ұлттық Банкі FIFA WORLD CUP 2026 коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады
07.04.2026, 14:20