Басты Жаңалықтар Ауыр атлеттер Азия ойындарын 3 күміс медальмен қорытындылады

Ауыр атлеттер Азия ойындарын 3 күміс медальмен қорытындылады

Ауыр атлеттер Азия ойындарын 3 күміс медальмен қорытындылады

Жапонияда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында ауыр атлетикадан жарыс аяқталды. Қазақстан құрамасы байрақты доданы үш күміс медальмен қорытындылады.
Бәсекенің соңғы күнінде Айғаным Жанболат пен Любовь Ковальчук жүлдеге таласты.
86 келіге дейінгі салмақта Айғаным Жанболат қоссайыста 232 келіні бағындырып, жетінші орынға жайғасты.
Аса ауыр салмақта Любовь Ковальчук 267 келі нәтижесімен төртінші орын алды.
Осылайша, Қазақстан құрамасы ауыр атлетикадан Азия ойындарында:
🥈 Аянат Жұмали — 77 келі
🥈 Алексей Чуркин — 85 келі
🥈 Нұрғиса Әділетұлы — 95 келі
Ұлттық құрама енді қазан айында Қытайда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастайды.

Бөлісу