Инчхон-2014. Қазақстандық ескек есушілер жарысты аяқтады
Бүгін Инчхонда өтіп жатқан Азия ойындарында академиялық ескек есуден жүлделі орындар сарапқа салынды.
Өкінішке қарай, қазақстандық спортшылар жүлдеге таласа алмады. Олар финалдық бәсекеге қатысқан 6 үміткердің ішінде соңғы орынды иеленді.
Жұптық бәсекеде Владислав Яковлев пен Виталий Васильев мәреге бірінші жеткен Қытай спортшыларына 15 секунд қалып қойды. Ал жекелей сында Григорий Феклистов жеңімпаз атанған ирандық Мохсен Шадинагадехтен 1,5 минут кейін келді.
Ал, «В» финалында жеңіл салмақтағы төрттік сайысында Евгений Тацей, Иван Эксузиди, Анастаа Шашков және Артем Исупов мәреге екінші келіп, жалпы есепте 8-ші орынды місе тұтты.
Фото: sk-sport.kz
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00