Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
ХХ жазғы Азия ойындарының 11-ші жарыс күнінде күрестен алғашқы медальдар сарапқа салынды.
Қазақстан құрамасынан Мейірхан Шермағанбет, Шамиль Ожаев, Олжас Сырлыбай және Жәмиля Бақбергенова бозкілемге шықты.
Мейірхан Шермағанбет (67 кг)
Мейірхан Шермағанбет қола медаль үшін белдесуде моңғолиялық Намсар Ганбаярдан басым түсіп, Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Алғашқы белдесуінде ирандық Джавад Мұхаммад Резаеиді 14:5 есебімен жеңді. Ширек финалда оңтүстіккореялық Ханжае Чунгтан 5:4 есебімен басым түсті. Алайда жартылай финалда жапониялық Согабе Койотароға 0:8 есебімен есе жіберді.
Шамиль Ожаев (87 кг)
Алғашқы белдесуінде ирандық Голамреза Фарохисенжанимен 6:6 есебімен тең түсті. Соңғы нәтижелі әдісті жасағаны үшін Ожаев келесі кезеңге өтті. Ширек финалда оңтүстіккореялық Ли Сенхванды 11:0 есебімен жеңді. Жартылай финалда қырғызстандық Асан Жанышовқа 1:6 есебімен жол берді.
Олжас Сырлыбай (130 кг)
Ширек финалда өзбекстандық Рафаэль Цицуашвилиден 1:2 есебімен жеңілді. Жұбаныш белдесуінде оңтүстіккореялық Ким Минсектен 1:6 есебімен ұтылды.
Жәмиля Бақбергенова (68 кг)
Алғашқы айналымда жапониялық екі дүркін әлем чемпионы Ами Ишиге 2:9 есебімен есе жіберді. Қарсыласы финалға шыққандықтан, Бақбергенова жұбаныш белдесуіне жолдама алды. Алайда моңғолиялық Делгермаа Енксайханнан 0:6 есебімен жеңілді.