Алматыда жаңа спорт кешені ашылады
Жоба шаңғы трассалары және спортшылар мен спортсүйер қауымға арналған қосалқы қондырғыларды қамтиды. Кешен тек қысқы спорт түрлеріне ғана емес, жеңіл атлетика мен маунтинге де арналған.
«Бүгінгі таңда жер қазу бойынша дайындық жұмыстары, Халықаралық шаңғы спорты федерациясының гомологиялық тұжырымдамасына сәйкес шаңғы трассасын белгілеу жұмыстары жүргізіліп болды», - делінген хабарламада.
Халықаралық шаңғы спорты федерациясының өкілдері трамплиннен секіру бойынша Әлем кубогінің бас жүлдесі аясында жаңа шаңғы трассасының ерекшелігін атап өтіп, олардың FIS стандартына сәйкес келетінін айтты.
Айта кетейік, 2015 жылы Алматыда «Сұңқар» шаңғы трамплинінің халықаралық кешенінде солтүстік дисциплиналары бойынша жастардың Әлем чемпионаты өтеді. Қазақстанның тарихында алғаш рет жарысқа шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы және трамплиннен шаңғымен секіру сияқты қысқы спорт түрлерінен мыңға жуық спортшы келеді.
strategy2050.kz
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00