Қазақстандық ватерполшылар Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
Бүгін Инчхонда өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарында су добының жарысы аяқталды. Кездесулер қорытындысы бойынша қазақстандық ватерполшылар Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Шешуші матчта Жапония Сингапур құрамасын 25:2 есебімен ұтып, күміс жүлдеге ие болды.
Жапония мен Қазақстан арасындағы ойын есебі тең аяқталған еді. Доп айырмашылығы бойынша Жапония құрамасы екінші орынды иеленіп отыр.
Қазақстан құрамасының ойыншылары: Александра Жаркова, Наталья Шепелина, Айжан Ақылбаева, Анна Турова, Кәмилә Зәкірова, Анастасия Миршина, Замира Мырзабекова, Оксана Сайчук, Әсел Жақаева, Марина Гриценко, Наталья Александрова, Аружан Егембердиева және Кристина Красикова.
Еске сала кетейік, бірнеше сағат бұрын қазақ ватерполшылары Азия ойындарының чемпионы атанған Қытай құрамасына 6:11 есебімен жол берді.
Фото: in.news.yahoo.com
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00