Инчхон-2014. Қазақстан жалпы есепте төртінші орынға көтерілді
Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан XVII Жазғы Азия ойындарында қазақстандықтар 14 дисциплина бойынша сынға түсті.
Академиялық ескек есу жарысы бойынша Григорий Феклистов финалға жолдама алды. Жеңіл салмақтағы ерлер құрамасы арасындағы төрттік «В» финалында бақ сынайды
Су добынан ерлер құрамасы топтық турнирді жеңіспен аяқтады. Баскетбол, волейбол және ватерполдан әйелдер құрамасы ірі жеңіске қол жеткізді.
Баскетболдан ерлер құрамасы да кездесулерін жеңіспен аяқтады. Ал, волейболдан жігіттер Катар спортшыларына есе жіберді.
Юрий Юрков пневматикалық винтовкадан 10 метрге оқ атудан – 16-шы орынды иеленді. Ұлттық құрама - 7-ші орында.
Ауыратлет Карина Горичева (-63 келі) төртінші, Вячеслав Ершов (-77 келі) бесінші нәтиже көрсетті.
Стендтік оқ атудан Анастасия Давыдова төртінші орында.
Гимнастшы Степан Горбачев Азия ойындарындағы көпсайыста 9-шы орын алса, ат спортынан Жанетт Боуман 9-шы орынды иеленді.
Теннистен ерлер құрамасы финалдық ойынға жолдама алды. Әйелдер құрамасында - «қола» медаль.
Семсерлесушілер мен синхронды жүзушілер қоржынға «қола» салды.
Суға брасс әдісімен (200 метр) жүзуден Дмитрий Баландин «алтын» алса, Екатерина Руденко арқамен жүзуден (50 метр) Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.
У-шу-саньдадан Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (-75 келі) «қола» иеленсе, Ришат Ливеншо (-65 келі) финалға жолдама алды.
Дзюдодан әйелдер құрамасы Солтүстік Корея спортшыларына ұтылып, «қоладан» айырылды, ерлер құрамасы финалда Оңтүстік Коряға жол берді.
Медальдар саны:
1. Қытай - 81 (40, 21, 20)
2. Оңтүстік Корея - 57 (18, 18, 21)
3. Жапония - 59 (15, 22, 22)
4. Қазақстан - 18 (4, 4, 10).
«Алтын» (4): Маргарита Елисеева (ауыр атлетика), Елдос Сметов (дзюдо), стендтік оқ атудан әйелдер құрамасы, Дмитрий Баландин (жүзу);
«Күміс» (4): Зүльфия Чиншанло (ауыр атлетика), Максим Раков (дзюдо), дзюдодан ерлер құрамасы, Екатерина Руденко (жүзу);
«Қола» (10): Александра мен Екатерина Немич, (синхронды жүзу), синхронды жүзуден әйелдер құрамасы, Андрей Могилевский (стендтік оқ ату), Ленария Меңғазова, Азамат Мұқанов, Мариан Ордабаева (дзюдо), семсерлесуден әйелдер құрамасы, ерлер құрамасы, теннистен әйелдер құрамасы, Нұрсұлтан Тұрсынқұлов (у-шу).
фото: AFP
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Азия чемпионаты: Сабыржан Аққалықов чемпион атанды
10.04.2026, 11:50
Бокс: Төрехан Сабырхан Азия чемпионатының күміс жүлдегері
10.04.2026, 11:25
Оразбек Асылқұлов Азия чемпионы
10.04.2026, 11:00
Гүлмарал Еркебаева әйелдер күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
09.04.2026, 19:25
Дина Исламбекова бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 13:00
Надежда Рябец бокстан Азия Чемпионы атанды
09.04.2026, 12:40
Бақыт Сейдіш бокстан Азия Чемпионатының күміс жүлдегері атанды
09.04.2026, 12:08
Ислам Евлоев грек-рим күресінен Азия чемпионатының қола жүлдегері
08.04.2026, 19:19