Инчхон-2014. Қазақстандық ескек есушілер жарысты жалғастырады
Ерлер арасындағы жұптық ескек есуден Владислав Яковлев пен Евгений Васильев өз айналымында бірінші орын алып, келесі кезеңге өтті. Олар кореялық, ирандық, тайпейлік және өзбекстандық спортшылардан басым түсті.
Осыдан кейін Георгий Феклистов жеке сайыста үшінші нәтиже көрсетіп (жеңімпаз – келесі кезеңге тікелей жолдама алады, ал екінші келген споршы ынталандыру финалына қатысып, келесі кезеңге өтуге тырысады), келесі кезеңге өте алмады.
Қазақстанның жеңіл салмақты ескек есуші ерлер төрттігі Евгений Тацей, Иван Эксузиди, Анастас Шашков пен Артем Исупов та іріктеуден өте алмады. Бұл кезеңде Гонког және Солтүстік Корея елінің спортшылары жеңіске жетті.
Ал әйелдер төрттігі (Екатерина Артемьева, Светлана Германович, Мария Васильева, Виктория Чепикова) өз айналымында вьетнамдық спортшылардан 3 секунд қалып қойса да, «А» финалына жолдама алды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00