Инчхон-2014. Қазақстандықтар жағажай волейболынан жарысты жеңіспен бастады
Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласындағы Азия ойындарында жағажай волейболынан жарыстар басталды.
Ойынды бірінші болып, әйелдер құрамасы бастады. Қазақстандық Татьяна Машкова мен Ирина Цымбалова «С» тобында оңтүстіккореялық Хьюсук Юн мен Юна Лимен кездесіп, жеңіске жетті. Есеп – 2:0 (21:6, 21:15).
Ал, ерлер құрамасы бойынша «D» тобында Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешов Мальдив аралдарының ойыншыларымен сынға түсті. Есеп – 2:0 (21:14, 21:16).
Қазақстандық Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко «А» тобында Оман ойыншыларын жеңіп, жарысты сәтті аяқтады. Есеп - 2:0 (21:10, 21:12).
Қазақстандық спортшылар турнирдегі келесі матчын енді 22 қыркүйекте өткізеді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00