Басты Жаңалықтар Франция құрамасын Нигерияны ұтып, ширек финалға жолдама алды

Франция құрамасын Нигерияны ұтып, ширек финалға жолдама алды

Франция құрамасын Нигерияны ұтып, ширек финалға жолдама алды
Франция құрамасы футболдан Әлем чемпионатының 1/8 финалында Нигерия құрамасын 2:0 есебімен ұтып, ширек финалға шықты. Шешуші голды ойынның 79-шы минутында қақпашы Винсент Эньеаманың қателігінен кейін Поль Погба соқты. Ал төреші белгілеген қосымша уақытта Нигерия құрамасының капитаны Джозеф Йобо өз қақпасына гол соңып алды. Дидье Дешам шәкірттерінің ширек финалдағы қарсыласы – Германия мен Алжир матчында анықталады. Футболдан Әлем чемпионаты – 2014. 1/8 финал Франция – Нигерия – 2:0 (0:0) Голдар: Погба, 79 (1:0). Йобо, 90+2 – өз қақпасына (2:0). Франция: Ллорис, Дебюши, Варан, Косьельни, Эвра, Кабай, Матюиди, Погба, Вальбуэна (Сиссоко, 90+3), Жиру (Гризманн, 62), Бензема. Нигерия: Эньеама, Эмброуз, Йобо, Омеруо, Ошанива, Одемвингие, Оби Микел, Онази (Гэбриэл, 59), Моузес (Нвофор, 89), Муса, Эменике. Ескерту алған ойыншы: Матюиди, 54. Төрешілер: Гейгер, Херд (екеуі де – США), Флетчер (Канада). 30 маусым. Бразилиа. Ұлттық стадион.
Бөлісу