Коста-Рика құрамасы ширек финалға өтті
Коста-Рика құрамасы 1/8 финалда Грекия құрамасынан басым түсіп, ширек финалға өтті.
Брайан Руис екінші таймда Коста-Рика құрамасын алға шығарды. Дегенмен, ойынның 66-шы минутында Коста-Рика құрамасы алаңда он ойыншымен қалды. Төреші қорғаушы Оскар Дуартені алаңнан қуды.
Матчтың аяқталуына санаулы минут қалғанда қорғаушы Сократис Папастатопулос есепті теңестірді. Қарсыластар қосымша уақытта жеңімпазды анықтай алмады.
Овертайм аяқталған тұста Грекия құрамасының бас бапкері Фернанду Сантуш алаңнан қуылды.
Пенальти сериясында Коста-Рика құрамасы басымдық танытты. Хорхе Луис Пинто шәкірттері ширек финалда Нидерланд құрамасымен кездеседі. Матч 5 шілдеде өтеді.
Футболдан Әлем чемпионаты – 2014.
1/8 финал
Коста-Рика – Грекия – 1:1 (0:0, 0:0, 0:0).
Голдар: Руис, 52 (1:0). Папастатопулос, 90+1 (1:1).
Пенальти сериясы: Борхес – 1:0. Митроглу – 1:1. Руис – 2:1. Христодулопулос – 2:2. Гонсалес – 3:2. Холевас – 3:3. Кэмпбелл – 4:3. Гекас – 4:3 (қақпашы). Уманья – 5:3.
Коста-Рика: Навас, Гамбоа (Акоста, 77), Гонсалес, Уманья, Дуарте, Диас, Руис, Борхес, Техеда (Куберо, 66), Боланьос (Бренес, 83), Кэмпбелл.
Грекия: Карнезис, Торосидис, Манолас, Папастатопулос, Холевас, Салпингидис (Гекас, 69), Христодулопулос, Маниатис (Кацуранис, 78), Карагунис, Самарис (Митроглу, 58), Самарас.
Ескерту алғандар: Самарис, 36. Дуарте, 42. Техеда, 48. Руис, 70. Манолас, 72. Навас, 90.
Алаңнан қуылған ойыншы: Дуарте (Коста-Рика), 66.
Төрешілер: Уильямс, Крим, Аназ (барлығы – Австралия).
29 маусым. Ресифи. «Пернамбуку» стадионы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Бавария» жартылай финалға шықты
16.04.2026, 10:00
«Арсенал» жартылай финалға шықты
16.04.2026, 09:00
Ламин Ямаль кешегі жеңілістен соң өз пікірімен бөлісті
15.04.2026, 18:00
«Арсенал» – «Спортинг»: Тікелей эфир!
15.04.2026, 17:07
«Бавария» – «Реал Мадрид»: Тікелей эфир!
15.04.2026, 16:00
Америкада ойнайтын қазақстандық жас хоккейші үздік бомбардир атанды
15.04.2026, 13:34
Көркем гимнастика: Әлем кубогы кезеңіне қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды
14.04.2026, 18:55
Қазақстанның әйелдер құрамасы теннистен әлемдік рейтингте 7-орынға көтерілді
14.04.2026, 18:20