Басты Жаңалықтар Бельгия футболшылары «Маракана» стадионында Ресей құрамасын ұтты

Бельгия футболшылары «Маракана» стадионында Ресей құрамасын ұтты

Бельгия футболшылары «Маракана» стадионында Ресей құрамасын ұтты
Бразилияда өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатында Бельгия құрамасы екінші кездесуде жеңіске жетті. Марк Вильмотс шәкірттері Рио-де-Жанейрода өткен матчта Ресей құрамасын 1:0 есебімен ұтты. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз голдың авторы - Дивок Ориги. Бельгия құрамасы бұл жеңістен кейін плей-офф кезеңіне жолдама алды. Олардың келесі қарсыласы – Оңтүстік Корея құрамасы. Ал Фабио Капелло шәкірттері 26 маусымда Алжир футболшыларымен кездеседі. H тобы Бельгия – Ресей – 1:0 (0:0). Гол: Ориги, 88. Бельгия: Куртуа, Алдервейрелд, Компани, ван Бюйтен, Фермален (Фертонген, 31), Мертенс (Миральяс, 75), Витсель, Де Брейне, Феллаини, Азар, Лукаку (Ориги, 57). Ресей: Акинфеев, Козлов (Ещенко, 62), Игнашевич, Березуцкий, Комбаров, Самедов (Кержаков, 90), Глушаков, Файзулин, Шатов (Дзагоев, 83), Канунников, Кокорин. Ескерту алғандар: Глушаков, 38. Витсель, 54. Алдервейрелд, 73. Төрешілер: Брих, Борш, Лупп (барлығы – Германия). 22 маусым. Рио-де-Жанейро. «Маракана» стадионы.
Бөлісу