Иммобиленің үш голы Италияға жеңіс әкелді
Дортмундық «Боруссияның» жаңа шабуылшысы Чиро Иммобиле футболдан Әлем чемпионаты алдында бразилиялық «Флуминенсе» клубымен өткен ойында Италия құрамасының жеңіске жетуіне көмектесті.
Волта-Редонда қаласында өткен ойын 5:3 есебімен Чезара Пранделли шәкірттерінің пайдасына шешілді. Иммобиле 30-шы, 54-ші және 55-ші минутта көзге түсіп, хет-трик авторы атанды. Тағы екі голды «Наполи» шабуылшысы Лоренцо Инсинье (22-ші және 56-шы минут) соқты. Ал «Флуминенсе» сапынан Чикиньо (28-ші минут), Карлиньос (36-шы минут) және Матеус Карвальо (62-ші минут) мергендік танытты.
Естеріңізге сала кетейік, Бразилияда футболдан Әлем чемпионаты 12 маусымда басталады. Италия құрамасы алғашқы ойынын 14 маусымда өткізеді. Қарсыласы – Англия құрамасы.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00