Жолдастық кездесу. Бразилия - Сербия
Әлем чемпионатының қожайындары осы аптада Сербия құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді. Бұл ойын пентакампеондар үшін Хорватия құрамасына дайындық болмақ. Бразилия мен Хорватия мундиальдың «А» тобына түсті.
Луис Фелипе Сколари шәкірттері соңғы өткізген 8 жолдастық кездесуді 29:2 есебімен аяқтады. Әр ойын сайын қарсыластар қақпасына шамамен 4 голдан соққан. Алты ойында қақпаларына доп жібермеді.
Сербия мұндай нәтижемен мақтана алмайды. Өйткені, олар соңғы ойында Панама футболшыларымен кездесіп, 1:1 есебімен тең түсті. Ал бразилиялық футболшылар соңғы ойында Панама құрамасын 4:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты.
Сонымен қатар, төрт жылда бір келетін төрткүл дүниенің доп додасына жолдама ала алмаған сербиялық футболшылар соңғы өткізген 19 жолдастық кездесудің 8-де жеңіліс тапса, 9 рет қарсыластар қақпасына гол соға алмады. Бұл жолы да Балқан түбегінің ойыншыларына қарсыластарының қақпасын нысанаға алу қиынға түспек.
Сан-Паулу қаласындағы «Estádio Cícero Pompeu de Toledo» стадионында өтетін тартысқа толы кездесуді «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде ұсынады. Матч Астана уақытымен жұма, 6 маусымнан 7 маусымға қараған түні 00:55-те басталады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00