Әлем чемпионатында 250 000 дана Құран тегін таратылады
Кувейт елінің Уақыптар министрлігі Бразилиядағы доп додасы кезінде бірнеше тілге аударылған 250 000 дана Құранды тегін таратаныны туралы мәлімдеді. Бұл туралы Министрлер коллегиясы мемлекеттік сатып алу тендерін жариялағанын жеткізді, деп хабарлайды muslim.kz.
Қасиетті Құран Кәрімнің испан, португал, ағылшын және француз тілдеріндегі аудармасы футболдан Әлем чемпионаты кезінде қонақүйлер мен стадиондарда, басқа да қоғамдық орындарда тарату жоспарланып отыр.
Әлем кубогы үшін таласқа түскен 32 құраманың ойындары елдің Белу-Оризонти, Бразилиа, Куяба, Куритиба, Форталеза, Мануас, Натал, Порту-Алегри, Ресифи, Сальвадор, Сан-Паулу және Рио-де-Жанейро қалаларында өтеді.
Сондай-ақ, чемпионат қонақтары мен жанкүйерлеріне арнап Бразилия Мұсылмандары Одағы мен Оман елшілігінің ұйытқы болуымен 32 беттік «Сәлем Бразилия» атты таныстыру парақшасы дайындалуда.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00