Бразилияда Әлем чемпионаты Кубогының көшірмесін өртеп жіберді
Бразилияда Әлем чемпионаты қарсаңында кезекті оқыс оқиға болды. Белгісіз біреулер Бразилия құрамасы базасының маңына қойылған биіктігі 6 метр болатын Әлем чемпионатын Кубогынының көшірмесіне от қойған, деп хабарлайды championat.com
Тересополис мэрі қылмысты жасаған және ойластырған адамдарды табу үшін бар күшті салатынын мәлімдеді.
Айта кетейік, бұл Бразилиядағы вандализмнің алғашқы дерегі емес. Бұған дейін, үрлемелі футбол доптары мен мундиальдің ресми тұмары - Фулеко зардап шекті.
Естеріңізге сала кетейік, футболдан Әлем чемпионаты 12 маусым мен 13 шілде аралығында Бразилияның 12 қаласында өтеді. Дүбірлі доданы Рио-де-Жанейро, Ресифи, Салвадоре, Сан-Паулу, Порту-Алегри, Манаусе, Форталезе, Натале, Белу-Оризонти, Бразилиа, Куябе және Куритибе қалалары қабылдайды.
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен «KAZsport» телеарнасы чемпионатты толық көрсетеді. Көрсетілім кестесін мына жерден жүктеп алуға болады.
Фото: itar-tass.com
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00