«Қазпошта» Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына арнап пошта маркаларын шығармақ
ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен «Қазпошта» АҚ «Спорт» сериясындағы Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарына арналған пошта маркаларын шығару туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Шығарылатын пошта маркаларын ресми таныстыру Олимпиада ойындарынан кейінге жоспарланған. Пошта маркаларында Олимпиада ойындарында жүлдегер атанған спортшылардың бейнелері, ҚР ҰОК символикасы мен Олимпиада ойындарының «Rio 2016» атты жазуы болады.
«Олимпиада ойындарына арналған пошта маркаларын шығару тек спортшылар мен ҚР ҰОК үшін маңызды емес. Сондай-ақ, қазақстандықтарға да қажет. Өйткені, қазақстандық спортшылардың нәтижелері – еңбекқорлық пен белгілі бір мақсатқа талпынушылықтың айқын мысалы», - дейді Ұлттық Олимпиадалық комитеттің өкілдері.
Естеріңізге сала кетсек, 2016 жылдың басты спорттық шарасы Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 5-21 тамыз аралығында өтеді. Байрақты бәсекеде ел намысын 100-ден аса спортшы қорғайды.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45