Футболдан Әлем чемпионаты - «Таңшолпан» бағдарламасында
Аз күндерден кейін әлем назары Бразилияға ауады. Сан-Паулу қаласында 12 маусым күні басталатын футболдан Әлем чемпионатының барлық ойындарын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Әлемнің ең мықты командалары бақ сынайтын футбол тойынан «Таңшолпан» бағдарламасы да күн сайын ақпар береді. 28 сәуірден бастап, көрермендерге викториналық сұрақтар қойылады.
Күн сайын тікелей эфирде айтылған сауалға «Таңшолпан» бағдарламасының tankaz.kz сайтына кіріп, жауап беруге мүмкіндік бар. Осылайша, 30 сауалдың барлығына дұрыс жауап берген көрерменге ерекше жүлде ұсынылады.
Жеңімпаздың есімі 12 маусым Әлем чемпионаты басталған күні белгілі болады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00