Дүниеге келген сәбилерге доп сыйға беріледі
Бразилияда ертең, 3 желтоқсан күні 2014 жылы футболдан Әлем чемпионатының жаңа добының тұсаукесері өтеді. Сол себепті бұл күні дүниеге есігін ашқан нәрестелерге әлем біріншілігінің добы сыйға беріледі. Ол үшін турнирді ұйымдастырушы 12 қалада ата-аналар туу туралы куәлігін көрсету арқылы ала допты тегін алады. Ұйымдастырушылар «Әрбір бразилиялық дүниеге доппен келеді» деген сөзді маркетингтік тұрғыда дәлелдей түспек.
Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылы футбол Әлем чемпионаты Бразилияның 12 қаласында 12 маусым мен 13 шілде аралығында өтеді. Финалды Рио-Де-Жанейро қаласындағы атақты «Маракана» стадионы қабылдайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Колумбия – Конго ДР: Тікелей эфир!
23.06.2026, 19:10
Панама – Хорватия: Тікелей эфир!
23.06.2026, 19:00
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды
23.06.2026, 18:00
Англия – Гана: Тікелей эфир!
23.06.2026, 17:00
Португалия – Өзбекстан: Тікелей эфир!
23.06.2026, 14:30
Франция Иракты ойсырата жеңді
23.06.2026, 11:11
Месси командасына жеңіс сыйлады
23.06.2026, 10:00
Иордания – Алжир: Тікелей эфир!
22.06.2026, 21:00