Алексей Полторанин мен Николай Чеботько жүлдеге таласады
Бүгін Сочи Олимпиадасында шаңғы жарысынан ерлер арасындағы командалық спринт бәсекесі өтеді. Жартылай финалға 23 құрама тіркелген.
Ел намысын қорғайтын Алексей Полторанин мен Николай Чеботько жұбы 14-ші реттік нөмірін алды. Олар «В» тобында жарысқа түседі.
Қарсыластары - Швеция, Ресей, Франция, Финляндия, АҚШ, Польша, Жапония, Словакия, Болгария, Австралия және Украина құрамалары.
Командалық спринт жарысы «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Жартылай финалдың басталу уақыты – 15:05.
Букмекерлер қазақстандық шаңғышылардың жеңіске жетуі мүмкіндігін – 7,5 коэфициентке бағалап отыр. Олардың пікірінше жүлделі орынға – Ресей (2,3), Норвегия (3,7) және Швеция (5) ие болуы мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00