Елена Хрусталева келесі Қысқы Олимпиадаға қатыспайды
Қазақстандық биатлоншы, Ванкувер Олимпиадасының күміс жүлдегері Елена Хрусталева 2018 жылы Кореяның Пхенчхен қаласында өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатыспайды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
«Мен келесі Олимпиадаға қатыспаймын. Тағы бір жыл Әлем чемпионатына қатысуды жоспарлап отырмын. Егер оған қатыспасам, командалық эстафетада дау шығуы мүмкін. Жалпы, маған бұл спорт ұнайды, әлі де жарыстарға қатысқым келеді», - деп атап өтті ол.
Оның айтуынша, спорттағы мансабын тоқтатқаннан кейін биатлоншы Қазақстан өңірлерінде балалар спортын дамытумен айналыспақшы.
«Мен Ресейге кетпеймін. Қазақстанда қаламын. Өйткені, мұнда біздің орнымызды басатын ешкім жоқ», - дейді ол.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00