Қарағандылықтар дзюдошы Максим Раковты Олимпиадаға шығарып салды
Қарағанды облысынан 2016 жылғы жаздық Олимпиадаға 11 адам қатысады. Солардың бірі қарағандылық дзюдошы Максим Раковты көрші-қолаң әлемдік додаға шығарып салды. Олар спортшы тұратын Мамыраев ықшамауданындағы №3 үйдің алдын үлкен мерекеге айналдырды. Максимнің әр жетістігін бала кезінен білетін жанкүйер-жанашырлары оған жеңіс тілеп, иығына шапан жапты. Естелікке суретке түсіп, қариялар жағы ақ баталарын берді. Балуан көршілеріне алғысын білдіріп, ел сенімін ақтап, жеңіс туын желбіретуге бар күшін салатынын айтты.
«Осының өзі біздің бірлігімізді, достығымызды көрсетеді. Өте қуаныштымын. Құрмет көрсетіп жатқан көршілеріме мың алғыс. Бойыма күш-қуат бергендей болды. Енді тек үмітті ақтап, алтын алу ғана қалды. Осылай шығарып салып жатқанда, құр қол қайтудың өзі ұят» - деп қоштасты дзюдодан әлем чемпионы Максим Раков.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПолина Иванова сырықпен секіруден Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 18:09
Алина Чистякова жетісайыстан жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 17:15
Семсерлесуден сапы сайысында Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарының қола жүлдегері атанды
25.09.2026, 16:12
Нысана көздеуден Ислам Сәтпаев Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
25.09.2026, 12:00
Қазақстан әйелдер құрамасы Азия ойындарында қола жүлде иеленді
25.09.2026, 09:31
Семсерлесу: Кирилл Проходов Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 16:30
Милад Карими спорттық гимнастикадан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды
24.09.2026, 15:00
Қазақстан құрамасы - Азия ойындарының қола жүлдегерлері
24.09.2026, 08:45