Денис Тен: Ю На Ким маған ұнайтын спортшының бірі
Сочи Олимпиадасындағы көрсетілімдік шара кезінде Денис Тен мәнерлеп сырғанаушы Ю На Киммен биледі.
Сочи Олимпиадасында Қазақстан қоржынына жалғыз қола медальді салған 20 жастағы мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен Ванкувер Олимпиадасының чемпионы, кореялық спортшы Ю На Киммен қарым-қатынасы жөнінде айтып берді.
«Мен жеке өмірімді құпия ұстауды жөн санаймын. Көрсетілімдік шарада жолым болып, Ю На Киммен бірге биледім. Ол атақты және маған ұнайтын спортшылардың бірі. Мен оны Әлем чемпионатынан бастап бақылап жүрмін. Біз бір-бірімізді бірнеше жылдар бойы білеміз. Мен үшін онымен бірге билеу құрмет болды. Ол мықты спортшы ғана емес, тартымды қыз», - деді Денис Тен.
Айта кету керек, Сочи Олимпиадасындағы көрсетілімдік шарада Денис Тен мен Ю На Ким жұптасып биледі. 23 жастағы оңтүстіккореялық мәнерлеп сырғанаушы Сочи Олимпиадасында күміс медаль алды. Ол тек ресейлік Аделина Сотниковаға есе жіберді. Сонымен қатар, ол екі дүркін Әлем чемпионы (2009, 2013), төрт құрлықтың чемпионы (2009), Гран-при финалының үш дүркін чемпионы (2006, 2007, 2009) және жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионы (2006).
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абылайхан Жұбаназар дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері
17.04.2026, 14:50
Әділет Алмат дзюдодан Азия чемпионы атанды
17.04.2026, 14:40
Эсмигүл Куюлова дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері
17.04.2026, 14:30
Конференция лигасы: Ширек финал қорытындысы, кім жартылай финалға шықты?
17.04.2026, 11:30
Еуропа лигасы: Ширек финал қорытындысы, кім жартылай финалға шықты?
17.04.2026, 10:50
Қазақстан дзюдошылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде жүлдеге қол жеткізе алмады
16.04.2026, 15:00
Бокстан Әлем кубогына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
16.04.2026, 12:55
Альваро Арбелоа маусым соңында «Реалдан» кетеді
16.04.2026, 12:10