7 наурызда паралимпиада ойындары басталады
Сочиде өтетін XI паралипиада ойындары 7-ші наурыз күні салтанатты түрде ашылады. 7-16 наурыз аралығында болатын ойындардың тұмары ретінде қар ұшқыны мен күн сәулесі таңдалды.
Бұл ойындар да Олимпиада жарыстары болған спорт кешендерінде өтеді. Жалпы осы жылғы ойындарға 47 мемлекеттің спортшысы қатысады. Олар спорттың 5 түрінен жарысатын болады.
Қазақстанның атынан Александр Колядин (Қостанай), Қайрат Қанафин (Петропавл), Жаңыл Балтабаева (Алматы), Елена Мазуренко (Петропавл), Денис Петренко (Щучинск), Ерлан Омаров (Талдықорған) қатысады. Барлығы да шаңғы жарысынан бақ сынайды. Тек Қайрат Қанафин шаңғыдан басқа, биатлоннан да сайысқа түседі.
Жалпыкомандалардың ресми құрамалары 27-28 ақпан күні анықталады.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00