Аралас эстафетада Норвегия құрамасы жеңіске жетті
Сочи Олимпиадасында биатлоннан аралас эстафетада Норвегия құрамасы Олимпиада «алтынын» алды. Тура Бергер, Тириль Экхофф, Уле Эйнар Бьерндален және Эмиль Хегле Свендсен қашықтықты 1 сағат 17,0 секундта өтті.
Күміс медальді Чехия құрамасы (Вероника Виткова, Габриэла Соукалова, Ярослав Соукуп, Ондржей Моравец) иеленді. Ал «қоланы» Италия құрамасы (Доротея Вирер, Карин Оберхофер, Доминик Виндиш, Лукас Хофер) жеңіп алды.
Қазақстандық биатлоншылар - Елена Хрусталева, Дарья Усанов, Сергей Наумик және Антон Пантов мәреге 15-ші жетті. Олар жеңімпаздардан 6 минуттан астам уақыт қалып қойды.
Айта кетейік, норвегиялық биатлоншы Бьерндален Қысқы Олимпиада ойындарында жеңіп алған жүлделердің саны бойынша рекорд жаңартты.
40 жастағы спортшы еншісінде 13 медаль бар. Оның 8-і «алтын», 4-і «күміс» және бір «қола».
Бұған дейін, Қысқы Олимпиада ойындарының рекорды норвегиялық шаңғысы Бьёрн Делиге тиесілі еді. Ол 1992 және 1998 жылдар аралығында 12 медаль жеңіп алды. Оның 8-і «алтын», 4-і «қола».
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00