Голландиялық спортшы Қазақстанға Олимпиада «алтынын» алып беруі мүмкін еді
Сочи Олимпиадасының чемпионы конькимен жүгіруші Йоррит Бергсма Қазақстанға «алтын» алып беруі мүмкін еді.
Естеріңізге сала кетейік, Бергсма 2010 жылы Қазақстан азаматтығын алуға талпынған. Ол 5000 метрлік қашықтықта ел чемпионы атанып, Әлем Кубогының кезеңіне қатысуға мүмкіндік алған. Алайда Халықаралық конькимен жүгірушілер федерациясы спортшының Қазақстан атынан жарысқа қатысуына тыйым салды. Сол себепті Бергсма Ванкувер Олимпиадасына қатыса алмады.
Айта кетейік, Йоррит Бергсма Сочиде 10000 метрлік қашықтықта олимпиадалық рекордты жаңартып, «алтын» медальді мойнына тақты. Бұл жарыстан қазақстандық Дмитрий Бабенко 12-ші орыннан көрінді.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00