Қазақстанда қысқы спорттың барлық олимпиадалық түрі дамуы тиіс - Владимир Смирнов
Атақты шаңғышы, 1994 жылғы Лиллехаммер Олимпиадасының чемпионы, Халықаралық Олимпиада комитетінің бұрынғы мүшесі Владимир Смирнов Қазақстанның қысқы спорт түрлеріндегі жетістігімен бөлісті.
«Елімізде қысқы спорт түрлерінің дамуына көңілім толады. Конькимен жүгіру, биатлон және тау шаңғысы қайта оралдық. Спорттың жаңа түрлері де пайда болды. Могул, сноуборд және фристайлдың даму қарқыны жақсы. Спортшылар Сочи Олимпиадасында жүлде алмағанымен, келесі дүбірлі додаларда жеңіс тұғырынан көтерілуі мүмкін», - дейді ол.
Атақты шаңғышының сөзінше, Сочи Олимпиадасында қазақстандық делегация жақсы нәтиже көрсетуде. Өйткені, көптеген спорт түрлеріне спортшыларымыз алғаш рет қатысып отыр.
«Олимпиадалық спорттың барлық түрін дамытуға көңіл бөлу керек. Жүздеген, мыңдаған адам шұғылданатын дәстүрлі спорт түрлері – хоккей, коньки және шаңғы. Сонымен қатар, техникалық спорт түрлері – фристайл мен сноубордтан бөлек бобслей мен шана спорты бар. Хоккейден әйелдер және ерлер құрамасын міндетті түрде қолдау керек. Бұл ойындарға жастар баса назар аударады. Мәселелерді шешу үшін алдымен жақсы талдау жасау қажет. Сосын келесі Олимпиада ойындарына жаңа жобалармен келеміз», - дейді Владимир Смирнов.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00