Алексей Ни ауыр атлетикадан Олимпиадаға баруы мүмкін 14 спортшының есімін атады
Талдықорғанда Ауыр атлетика бойынша ҚР чемпионаты аяқталды. Жалпы командалық есепте ерлер арасында да, әйелдер арасында да бірінші орынды Алматы облысының спортшылары алды. Екінші орынды ШҚО өкілі иеленсе, көшбасшылар үштігін Қарағанды өңірі аяқтады.
Жарыс соңында баспасөз мәслихатында ҚР құрамасының бас бапкері Алексей Ни ауыр атлетикадан Олимпиада құрамасының бастапқы құрамын жариялады:
«Олимпиадалық командаға алты әйел, сегіз ер спортшы енді. Екі қосалқы спортшыны ескерсек, барлығы 14 адам. Енді осы спортшылар Олимпиадалық ойындарға дайындалатын болады», - дейді А.Ни.
Айта кетейік, Олимпиадаға Қазақстан Ұлттық құрамасынан 6 ер және 4 қыз спортшы қатысады.
Ерлер:
Арли Чонтей (56 келі)
Фархад Харки (62 келі)
Нижат Рахимов (77 келі)
Кирилл Павлов (77 келі)
Денис Уланов (85 келі)
Илья Ильин (105 келі)
Александр Зайчиков (105 келі)
Селимхан Әбубәкіров (+105 келі)
Әйелдер:
Маргарита Елисеева (48 келі)
Зульфия Чиншанло (53 келі)
Карина Горичева (63 келі)
Майя Манеза (63 келі)
Жазира Жаппарқұл (69 келі)
Светлана Подобедова (75 келі)
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Теннисші Жібек Құламбаева Үндістанда екі титул жеңіп алды
30.03.2026, 12:53
«Qazsport» телеарнасы бокстан Азия чемпионатын тікелей эфирде көрсетеді
30.03.2026, 12:51
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінің жартылай финалында жеңіліс тапты
27.03.2026, 10:00
Диас Жиренбаевтың қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
26.03.2026, 16:20
Елена Рыбакина WTA 1000 турнирінде жартылай финалға шықты
26.03.2026, 11:00
Софья Самоделкинаның қысқа бағдарламада көрсеткен өнері
25.03.2026, 19:30
Қазақстан құрамасы Намибияны 2:0 есебімен жеңді
25.03.2026, 19:00
Ақмарал Ерекешева Грекиядағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
23.03.2026, 09:45