Мамыр айында «Денис Тен және оның достары» атты шоу өтеді
Сочидегі Олимпиада ойындарындағы көрсетілімдік шараның бас продюссері және мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің агенті Арарат Закарян өз шәкіртінің жоспарымен бөлісті.
«Қазақ спорты үшін Денис Теннің орны ерекше. Өткен маусымда Қазақстанда көрсетілімдік шара өткіздік. Биыл мамыр айында жоғары деңгейдегі шоу ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Қатысушылар да көп болады. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар да қатысады. Денис Теннің көмегімен үлкен шоу ұйымдастырып, спорттың бұл түріне жас өрендерді тартуды қалаймыз», - деді Арарат Закарян.
Сонымен қатар, ол Денис Теннің арқасында әлем Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортымен танысқан. Америкалық басылымдар Олимпиада ойындарында қазақстандық спортшы үздік нәтиже көрсетті деп санайды.
«Алдымен Сочидегі жұмыстарды аяқтаймыз. Өйткені, 22 ақпанда өтетін көрсетілімдік шараға Денис Тен қатысады. Осыдан кейін мамыр айында Қазақстанда өтетін шоудың нақты уақытын белгілейміз. Денистің достары мен танымал мәнерлеп сырғанаушыларды шақыру ойда бар. Олимпиада ойындарының жүлдегерлері де келуі ықтимал», - дейді Денис Теннің агенті.
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыДзюдодан Қазақстан құрамасы Азия ойындарын екі күміспен бастады
30.09.2026, 18:20
Слаломды есуден Қазақстан құрамасы екі қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 18:10
Күрес: Қазақстан құрамасы бір қола медаль иеленді
30.09.2026, 18:00
Әбиба Әбужақынова - Азия ойындарының күміс жүлдегері
30.09.2026, 14:40
Махмұд Сабырхан Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:25
Слаломда есу: Анастасия Ананьева Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды
30.09.2026, 11:10
Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:05
Слаломда есу: Александр Коробов Азия ойындарының қола жүлдегері
30.09.2026, 11:00